ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

«БАБАЛАР МҰРАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ

18:51, 12 сәуір 2019

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Бабалар мұрасы» атты II-ші халықаралық сән фестиваль-байқауы өтті. Сән саласының басын қосқан шараға бас-аяғы 78 өтініш келіп түскен. Бұрымдылардың сән көрсетілімінен Келбет Шәмшінің бейнематериалы.

Іргелі оқу ордасында өткен халықаралық фестивальға еліміздің 7 оқу орнымен қатар, көршілес Қырғыз және  Өзбекстан университеттерінің студенттері де қатысты. Мұндағы мақсат – шығармашыл жастарды қолдап, олардың ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауда жан-жақты тұлға ретінде қалыптасыуына ықпал ету.

Әнуарбек  Әймен -  ТарМУ Технология факультетінің деканы

Өз жұмыстарын ұсынған студенттердің шығармашылық қабілеттері «Сәндік-қолданбалы өнер» және «Костюмдер дизайны» аталымдары бойынша сарапталды.  Алғашқы аталым бойынша студенттер арасындағы қолөнер шеберлерінің түрлі жұмыстары көрме түрінде көпшілік назарына ұсынылды. Ондағы өнерлі жастардың қолынан шыққан әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқтар, теріден және киізден жасалған түрлі тұрмыстық заттар көрермендердің көңілінен шықты.Ал «Костюмдер дизайны» аталымында той көйлектері және этникалық жанрдағы костюм үлгілерінен бұрымдылар сән көрсетілімін көрсетті.

Айжүрек Афтандықызы    --  Байқау қатысушысы /Қырғызстан/

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткен байқау жеңімпаздарына 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

К.Шәмші ,Ғ.Есебаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар