ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

20:29, 16 қазан 2019

 

Таразда ресейлік «Белка» компаниясының тондар жәрмеңкесі басталды. Аталған жәрмеңке облыстық  драма  театрында  өтіп жатыр. Көздің жауын алар құндыз тондарымен танымал дүкендер желісі қазір өз өнімдеріне үлкен жеңілдіктер жариялап отыр.

Иә, мұнда бағалы құндыз, түлкі жағалы тондар мен қаракөл ішіктерін киіп қарап, еркін таңдауға мүмкіндік бар. Тондар санының  көптігі мен алуан түрлілігі өз алдына, өндірушілер  «Белка» компаниясының өнімдерінің сапасының да жоғары екенін айтады.

Елена ШУКЛИНА «Белка» фирмасының өкілі /Жәрмеңкеге 600 ден астам тондар әкелінді. Мұнда әрбір сатып алушы құндыз, мутон, түлкі терісінен тігілген бағалы, сәні келіскен жаңа сәндегі тондарды сатып алуларына болады. Барлық тондар сапасы қатаң қадағалаудан өту арқылы тігіледі. /

Тон өнімдерін тігетін  Ресейлік «Белка» фирмасы ТМД арасында  аса танымал. Сәнқойлар үшін эксклюзив үлгідегі киімдердің түрі өте көп.  Көңіліңізден шыққан тонды алуға ақшаңыз жетпесе, банк арқылы несиеге рәсімдеуге  мүмкіндік қарастырылған.

Светлана АГАЛАНОВА   САТЫП АЛУШЫ /Мұнда өте үлкен таңдау бар. Барлығын киіп көрдім, соңғы үлгідегі тондар қатты ұнады. Анама да құндыз тон  таңдап, сатып алмақшымыз. Өлшемі де дәп –дәл келді. Өте керемет көрме. Барлығына келуге кеңес беремін./

Ұйымдастырушылар кез келеген талғамы жоғары қыз-келіншектердің  іздеген тондарын тауып беруіне дайын.  Жәрмеңке  қазанның 18 не дейін жалғасады. Қыстың аязды күнінде жылылықты сезінгіңіз келсе, қапы қалмаңыздар!

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...