ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КӨКШЕТАУДА ДЕМАЛАДЫ

18:38, 10 шілде 2019

Туған жер арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың  жеңімпазы атанған 27 оқушы Көкшетаудағы «Балдаурен» републикалық сауықтыру орталығына аттанды.  Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген бұл іс-шара мектеп жасындағы жасөспірімдерге өз өлкесінің тарихын біліп, мәдениетіне терең үңілуге  мүмкіндік берді.

Қаңтар айында басталған бұл байқауға облыс бойынша  5-10 сынып аралығында  оқушылар мен білімгерлер  қатысқан. «Туған жеріңді танып біл» арнайы жобасы  жеткіншектердің туып өскен өлкесін толық біліп, зерттеуге мол мүмкіндік берді.  Себебі аталмыш іс-шара барысында  оқушыларға арнап туристік экскурсиялар, интерактивті жарыстар, онлайын-сабақтар ұйымдастырылды. 

Гүлназия РЫСЖАНОВА , мұғалім

Байқау «Ogy tap», « Bilim анимация»,  «Bilim FM  мектеп радиосы» ,  «Best видео Туған өлке» сынды бірнеше турдан тұрады. Мәселен, «Ogy tap» онлайн байқауы барысында оқушыларды кітап оқуға тартудың инновациялық әдістері мен тәсілдері қолданылса,  «Bilim анимация» байқауы бойынша жасөспірімдердің жасаған анимациялық фильмдері әзірленіп,  You Tube,  Fecebook парақшаларына жарияланған. Видеороликтер  электронды дауыс беру арқылы бағаланып, кіл мықтыдан кім мықты сараланған.

Еркежан ТӨЛЕБЕК, бас жүлде иегері

Маусым айының 14 жұлдызында  жүзден жүйрік шыққан  27 оқушы анықталып, арнайы алғыс хаттар берілген. Сондай-ақ, жеңімпаз атанған балалар 11-25 шілде аралығында Көкшетаудағы «Балдаурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында демалатын болады.

А.Сапибулла. Ө.Ыбырай,  ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар