ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20:41, 19 шілде 2019

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына өтінім қабылдау басталды. Айтулы конкурс әлеуметтік жобаларды іске асырушы жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және де басқа коммерциялық емес ұйымдарға арналады.

Құжаттар Тараз қаласы Рысбек батыр көшесі 14 ғимараттың 306 кабинетінде қабылдануда. 10 тамызға дейін әлі де уақыт бар. Одан кейін комиссия отырысы өткізіліп, үздік жобалар облыстық іріктеуге жіберіледі. Қыркүйек айында облыстан үздік деп танылған жобалар республикаға жолдана бастайды. Өткен жылы өңірден барлығы 16 жоба қатыстырылып, «Жастар мүгедектер» қоғамдық бірлестігі ұсынған жоба «көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталған. Айта кету керек, конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі. Және мына талаптар міндетті түрде ескерілуі тиіс.

Жанәділ ОСПАНОВ / «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қымбат Қаржауқызы, Нұрлыбек Құдияр, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар