ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

БАЙЗАҚТА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҚТАЙ АЯҚТАЛДЫ

20:30, 13 маусым 2018

Көктемгі дала жұмыстары аяқталып, ендігі еккен көкөніс пен дәнді дақылдар көктей бастады. Байзақ ауданында биылғы жылы 53400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылған. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев жұмыс сапарымен өңірде болып, егіс алқаптарын аралап шықты.

Ауданда қант түбірін егу  соңғы жылдары мықтап қолға алынған. Жыл өткен сайын егістік алқабы да ұлғаюда. Мәселен, 2000 гектар жерге жоспарланған дақылды, диқандар 2102 жарым гектар жерге дәнін сеуіпті. Қазіргі кезде егістік бітік шығып, бойларыда  10-15 см-ге жеткен.

шаруашылық иесі

Ерте көктемде себілген дән көктеп шығып, енді шаруалар минералды тыңайтқыштарын беріп, уақтылы суғарып отырсақ, молынан өнім аламыз деген сенімде. Іс сапармен өңірде болған облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев диқандармен сұхбаттасып,  әрбір егілген егістік алқабын аралап, дала еңбеккерлерінің жұмысын көріп бағамдады.

Мәден Мұсаев – облыс әкімінің орынбасары

Аймақта  7875 гектар жерге көкөніс, бақша дақылдары егілген. Сондай – ақ, 14617 гектар жер көлеміне дәнді дақылдар отырғызылыпты.Шаруалар көктемгі дала жұмыстарын тиянақты аяқтау үшін 600 тонна жанар жағар майына сұраныс беріп, төмендетілген баға  145 теңгеден алыпты. Диқандар үшін ең кееркті нәрсенің бірі -  су әзірге бар. Бірақ,  қуаңшылық жалғасса тапшылық  болуы мүмкін.  

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар