ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ

19:34, 4 шілде 2019

Еліміздің оңтүстігі орталық және солтүстік өңірді жеміс жидеккпен қамтамасыз етуі тиіс. Үкіметтің ауылшаруашылығына байланысты ұстанымына  Жамбылдықтар да жұмыла атсалысуда. Байзақ ауданы,  «Диқан» ауылына қарасты «Его Фруйт» өндірістік коперативі 50 гектар жерге интенсивті бақ орналыстарған. Озық технологияларды қолданып, қызу жұмыстарын жүргізіп жатқан шаруашылықттың шырайлы тірліктері жайлы тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

«Его Фруйт» өндірістік кооперативі  50 гектар жерді игеріп, жапан даланы баққа айналдырып отыр. 2017 жылы бұл іске белсене кірісіп, отырғызған жеміс талдары  бүгінде жапырақ жайып жайқалып өсіп келеді.  Замануи үлгіге сай, мұнда тамшылатып суары әдісі де қолданылған.  Жан-жағы қоршалып,  шілденің шіліңгір ыстығынан қорғайтын жамылғы тор көздер де бар.  Осыдан екі жыл бұрын Польшадан  жеткізілген алманың екі түрінің де шығымы жақсы. Биыл алғашқы жемісін де бермекші.  Алма бағы ішіне өңдеу жұмыстарын жүргізіп,  дәрілеу үшін озық тезнологиялар алынған.

МАРАТ БЕКБАЕВ     /Өндірістік кооперативтің бас аграномы/

Әзірше мұнда 25 адам жұмыс істейтін болса, оларға барлық жағдай да жасалыпты. Тіпті бір мезгіл тамақтанатын асхана да ашылған. Демалыс орнымен де қамтамасыз етілген. Мұның барлығы баққа деген жаңа көзқарасты білдіреді. Жалпы Байзақ ауданы бойынша тамшылатып суару жүйесін енгізген өзге де шаруашылықтарымыз бар,-дейді ауылшаруашылығының басшылары.

БОЛАТ САҒЫМБЕКОВ /Байзақ аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы/

Жамбыл облысы бойынша алма бақпен аты шыққан «Ақбұлым» аулы болса, Меркеліктер де бұл жұмысты жүйеге қойып, тіпті көшет өткізумен де айналысып келеді.  Енді міне Байзақ ауданының дала еңбеккерлері  жеміс-жидекке шындап ден қойып отыр. Оның өзі адам ағзасына қажетті дәруменмен облыс тұрғындарын ғана емес, еліміздің өзге де де өңірлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

Бақытжан СОВЕТҰЫ Ғалымжан Есенбаев.     «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар