ШҰҒЫЛ! АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСЫМ БАҒЫТ Толығырақ

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ АУДАНДАРДА

15:02, 3 маусым 2019

1- маусым Халықаралық балалар күні ғана Республика бойынша аталып өтілетін бұл мереке- биыл да кең көлемде тойланды. Соның ішінде Жамбыл облысы аудандарында түрлі іс шаралар өтіп, балаларға базарлық ұсынылды.

Шу ауданында 1- маусым «Балаларды қорғау күніне» орай түрлі іс – шаралар болып өтті. Мереке күні  Абай  ауылында 150 орындық «Нұршуақ»  және Шу қаласында   кәсіпкер жеке кәсіпкердің қолдауымен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Наз-сезім» 120 орындық балабақшасы ашылды.

Науаткүл Кененбаева - Ауыл тұрғыны

Сонымен қатар, Сарысулықтар да балалар мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Аудан орталығындағы алаңға жиналған көпшілікке түрлі концерттік бағдарламалар ұсынылды. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге сый-сыяпаттар табысталды.

Гүлсия Кәрібек - оқушы

Сондай-ақ, айтулы мерекелік шара Жамбыл ауданында да аталып өтті. Биылғы шеруге аудан бойынша 1010 оқушы қатысты. Олар алаңда би-билеп, ән салып өз өнерлерін көрсетті. Орталыққа келген ата-аналар мен балалар мерекелік көңіл-күймен қайтты. Осылайша балалар мерекесі облысымыздң барлық аудандарында жоғары деңгейде өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
14:04, 15 шілде 2019
АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...