ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ӘЛІМЖЕТТІК

20:30, 8 қазан 2019

 

 

Жамбылда 54 жастағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын басталды.  Естеріңізде болса күні кеше  әлеуметтік желілерде  әйел адамның «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездік іс-әрекетін көрсеткен бейнежазбасы пайда болды. Көпшіліктің көкейіне уайым салған жағдайдың жай – жапсары белгілі бола бастады.

Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Әке мен ана мейріміне зәру балғындарға күш көрсеткен тәрбиеші қәзір қызметінен уақытша босатылған. Полиция департаменті тарапынан облыстық әкімдікке сот шешіміне дейін тәрбиешіні лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданылған.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар