Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

20:00, 16 мамыр 2017   149

Санаулы күндерден кейін тағы бір оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық аймақтарында жазғы демалыс орталықтары балалар үшін есіктерін айқара ашады. Өңірдегі сауықтыру лагерлерінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қалай жүргізілуде?

Бүгін аталған жұмыстардың атқарылу барысы жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментінің мамандары баяндады. Ия, жаз маусымы басталса, өрттен-судан келетін қауіп күшейе түседі. Жазатайым жағдайлар әсіресе, балалардың оның ішінде мектеп оқушыларының зардап шегуімен көп орын алып жатады. Мәселен, биылғы жылдың өзінде облыс аумағында 193 өрт жағдайы орын алып, 6 адам қаза болды. Олардың 2-уі кәмелет жасқа толмаған балалар. Сондықтан мамандар наурыз айынан бастап барлық білім беру мекемелерінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Алайда, бұл істе тек жауаптылар ғана емес, жазғы сауықтыру кезеңінде сондағы әкімшілік қызмет ал, шомылатын демалыс орындарында ата-ана баласын қатаң қадағалауы қажет. Осы жәйтті қатаң ескерген мамандар брифингте өткен жылы орын алған оқыс жағдайлардан сабақ алу қажеттігін ескертті.

Қуаныш Қалжанов, Жамбыл облыстық ІІД ювеналды полициясының басшысы  

/Өткен жылы облыс аумағында балалардың қатысуымен 8 суға кету жағдайы орын алды. Өкінішке орай,  олардың барлығы қайғылы жағдаймен аяқталды. Аталған төтенше жағдайлар Тараз қаласы мен Меркі және Мойынқұм ауданында болды.  Бұлардың көпшілігінде ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығынан болған.  Аталған жәйттерге мұғалімдердің де қатысы бар./

 

Мархабат Көпбосынова, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40