ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

19:06, 3 маусым 2019

Жайнаған жаздың алғашқы күні бірінші маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс орталығында ерекше шеру өтті.  Он мыңға тарта бала  сап түзеп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап Достық алаңында мерекенің көрігін қыздырды.  

1-маусым  орталық алаңға кішкентай қала тұрғындары көптеп жиналды. Ерекше костюмдерімен мерекелік шерудің  сәніне айналған балалар бұл күнге ай бойы дайындалған.  Осылайша көтеріңкі көңіл, сыңғырлаған күлкі мерекені көмкерді.    

Салтанатты шеру мерекенің көрігін қыздыра түскендей.  Барабаншылар отряды, үрмелі аспаптар тобы, түрлі-түсті қуыршақ кейіпіндегі образдар, бишілерден құралған өнерпаздар бір қатармен жүріп өтті.  

Жәмилә Бекбатырова ЖО білім басқармасы басшысының орынбасары

Шерудің жоғары деңгейде өтуіне мектеп оқушылары мен колледж студенттері және ұстаздар қауымы ат салысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша ең басты мақсат балалардың мерекесін ерекше етіп өкізіп, қуаныш сыйлау. Мұндай шаттыққа толы іс-шаралар барлық аудан орталықтарында да жалғасты.

Райхан Шәлібекқызы, Руслан САНДЫБАЕВ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар