Баламалы энергияға бетбұрыс – уақыт талабы

16:00, 14 шілде 2017   181

Ебін тапса дархан даланың  -  шыққан күні, аққан суы, соққан желі де - игілік. Болашақтың энергиясы – жасыл энергия  жолындағы жұмыстар  Жамбыл облысында оң нәтиже беріп келеді. Күн және жел ресурстарын  игере бастаған аймақта шағын өзендер бойынан су электр стансалары да көптеп салына бастады. Ал, өңірдегі жас ғалымдар болса баламалы энергияны ауыл шаруашылығына енгізу үшін еңбектеніп жүр.

Жалғас Саңғыл, тілші

«Қарақыстақ» су электр стансасы 2013 жылы пайдалануға берілген. Тау шатқалындағы өзен шағын болғанымен, мұнда  40 мың квт/сағ электр энергиясы өндірілуде.  Себебі, осыдан 4 шақырымдай жерде тау биігінде шағын су қоймасы орналасқан. 107 метр биіктіктен құлап аққан су - қуатты жасыл энергия көзі.   

СЭС-сы тиімді жоба. Бірінші, бағасы арзан, 1 квт- 14 теңге. Екінші, жұмыс күшін көп қажет етпейді. Өндіріс – автоматтандырылған.  Үшінші, бұл жасыл энергетика. Экологиялық һәм экономикалық тұрғыда пайдасы шаш етектен.  Осы шағын стансадан шыққан қуат шамамен мың пәтерді жарықпен қамтуға жетеді. 

Нұрдос Мұқанұлы, ГЭС қызметкері    

/ -Проектпен берілген өнімі 9 млн 800 мың квт-сағ болатын. Біз былтыр 11 млн 343 мың квт сағ істеп бердік. /

Қарақыстақ СЭС-на жақын жердегі Құлан ауылының өрендері баламалы энергияны агросалаға енгізуді армандайды. Бұл колледж студенті Жандарбек Дәулетовтың жылыжай жобасы. Кешен күн және жел энергиясымен жұмыс істейді.

Жандарбек Дәулетов, жас ғалым

/  -Астана қаласында өтетін бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017»  көрмесіне арналған макет. + Бұл жылыжайымызды, лабороториямызды және айналасын күн сәулесі батереялары және жел генераторлары электр тогымен қамтамасыз етіп отырады./

Ал жас ғалым Руслан Қажығалиев жасыл энергияны мал шаруашылығына қолданудың жолын ойлап тапты.  Оның идеясы бойынша, бордақылау алаңындағы қалдықтан биогаз өндіруге болады. 

Руслан Қажығали, жас ғалым

/Алдарыңызда бордақылау алаңы. Бұл жерде сиырлардан шығатын тезектің астында арықтар орналасқан. Арыққа түскен тезектер кешен сыртындағы цистернаға келіп құйылады. Бұл жерде араласып, 40ºс-қа дейін қыздырылады. Қызған кезде өздігінен биомассадан биогаз өндіріліп, котельниге келеді. Котельныйдан жанғыш газға айналып біздің кешеннің ішін жылумен қамтамасыз етеді. 

Агросалада баламалы энергия көзіне бетбұрыс елімізде тұңғыш рет Жамбыл облысында қолға алынды. Жаздық жайылымды суландыруға шағын күн электр стансалары пайдаланыла бастады. Ал, аймақта жасыл энергияның үлесі 9,3 пайыз. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Жалғас Саңғыл, Ермек Асаубаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40