ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ

16:14, 11 маусым 2019

Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізуі керек. Жамбыл ауданында да биыл жас өрендер жазғы сауықтыру орталығында демалысын  бастады.

Аудан бойынша 27 мектеп жанындағы лагерьлерде 14мың 346 оқушы бар. Мектеп жанындағы алаң өз жұмысын 1 маусымнан бастады.  Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру орталығында балалар спорттық ойындармен ойнап, білімдерін шыңдау мақсатында  3 тілде сабақ өтіледі.  Шебер оқушылар ағаштан бұйымдар жасап үйренуде. Көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балалары үшін жазғы сауықтыру демалысына жергілікті бюджеттен 16 млн. 560мың тг қарастырылған. Маусым айында қала сыртындағы лагерьге 350 оқушы, республикалық деңгейдегі лагерьге 20 оқушы шілде-тамыз айларында баратын болады. Ал, ата-аналар мен демеушілер есебінен қосымша қала сыртындағы және республикалық лагерьлерге 104 оқушы барады.  Бүгінде аудан бойынша 350 бала жазғы сауықтыру орталығына жіберілді.  

Алия  ОМАРОВА      ЖАМБЫЛ  АУДАНЫ  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  БАС  МАМАНЫ

Іңкәр Сүлеймен, Сапар Серікұлы «ЖҚ» Жамбыл ауданы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...