ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

БАС МҮФТИДІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:30, 8 қараша 2018

ҚМДБ- ның төрағасы Серікбай қажы Ораз арнайы екі күндік іссапармен Жамбыл облысына келді. Бас мүфти  облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың  қабылдауында болып, зиялы қауыммен де жүздесті.

Сонымен қатар, діни басқарма өкілі Тараз қаласында 8 баласымен далада қалған жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыс етті. Жақсылық жасаған жандардың жағымды жаңалығымен әріптесім Нұрдос Сембек бөліседі.

Кездесуде Бекболат Орынбеков облыстағы  діни ахуалдың бүгінгі жәй- күйі төңірегінде айтып  берді. Ал бас  мүфти  өз сөзінде, республика бойынша жүргізілетін имамдардың білім деңгейін сараптау жұмысы, біздің өңірден басталынуының да өзіндік ерекшеліктері бар екендігін айтты. Өйткені қазақ даласындағы ең алғашқы мешіт, осы Әулиеата жерінде бой көтерген. Кездесу «Достық үйінде» зиялы қауым өкілдерімен жалғасты. Мұнда дін саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жәйі сөз болды.

Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы

Тарихты қарап отырсақ қай бір өркениеттің кезінде де Қарахандықтар мемлекетік дін ретінде қабылдап,Ислам діні қоғамның тіргегі ретін даму кезіндегі қолдаушысы болып келген.Соның нақты айғағы осы оңтүстіктің халықының басым бөлігі дініне, дәстүріне болып болып келеді.Мешіттер көптеп ашылады

Бұл қуаныштың көз жасы. Айгүл Әміреева 8 баланы өмірге әкелген жалғызбасты ана. Бала-шағамен барар жері басар тауы қалмаған қала тұрғынына Орталық мешіт қызметкерлері көмек қолын созған. Бүгінгі күнге дейін қамқоршылардың қолдаумен жалдамалы пәтерде тұрған мұқтаж жанға ҚМДБ төрағасы өз қолымен 1 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы

Иә, жақсылық жасау көптің қолынан келе бермейтін іс. Десек те, аты-жөнін айтпауды өтінген азамат осылайша бір отбасының үзілген үмітін жалғады. Күміс, Алтын алқаның иегері атанған жалғызбасты ана енді бала тәрбиесіне көңіл бөліп, солардың қызығын көрсем дейді.

Айгүл ӘМІРЕЕВА – КӨП БАЛАЛЫ АНА

Бас мүфтидің сапары жалғасады. Ол ауыл аймақты аралап,  әр- түрлі кездесулер өткізіп, Таразда және Шу, Қордай аудандарында салынған мешіт құрылыстарының ашылу рәсіміне қатысады деп күтілуде.    

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...