ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БАСПАНА-БАРШАҒА

15:48, 7 маусым 2019

Қаратау қаласында халықты баспанамен қамтамасыз ету жүйелі түрде жүзеге асырылуіда. Жақында қараусыз тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтсе, енді ел игілігіне беріліп п жатыр. Сонымен қатар биыл  екі жатақхана да қайта қалпына келтіріліп, баспанаға мұқтаж жандарға берілмекші. Толығырақ тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

Қаратау қаласында 161 көпқабатты үй бар. Оның 144 де тұрғындар тұрады. Ал қалғандары қараусыз қалған. Міне осыларды қалпына келтіру 2013-2015 жылдары үкіметтік моноқоларды дамыту бағдарламасына орай жүзеге асырыла басталған еді. Бұл кезеңдерде жарамсыз нысандардың барлығы сүріліп тасталып, жарамдылары жөндеуден өтті. Жылдан жылға шырайы кіріп келе жатқан шахарға қоныстанушылардың қатары артқан сайын үйге деген сұраныс та көбейіп келеді. Қазіргі кезеңде 1599 адам баспана кезегінде тұрса, оларға жақында ғана күрделі жөндеуден өткен

үйлер босатыла басталды. Пәтерлі болғандардың ішінде көп балалы аналар мен жас мамандар да бар. Міне сондай жанның бірі - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы аудандық ауруханаға дәрігер болып келген Мухлиса Халниязова.

МУХЛИСА ХАЛНИЯЗОВА             /Жас маман/

Жалпы «Тұрғын үй» бағдарламасы аясында Қартауда 440 пәтерлі 6 үй қалпына келтірілсе, енді иесіз тұрған тағы да 3 үй комуналдық меншікке қайтарылып, жөнделмекші. Сонымен қатар, таяу күндері екі  жатақханаға да жөндеу жұмыстары басталмақшы.

МАҚСАТ РЫСБАЕВ /Қаратау қаласы әкімінің орынбасары/

Жалпы Қаратау қаласы бойынша әлі де әділет басқармасында 10 үй иесіз мүлік ретінде тіркеуде тұр екен. Біздің мақсат, міне осы баспаналардың барлығын үкімет балансына өткізіп, ел игілігіне жарату,-дейді қала басшылары. Әрине ол біртіндеп жүзеге асырылмақшы.   

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ ҒАЛЫМЖАН        «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар