ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

18:46, 17 маусым 2019

Қазіргі уақытта  табысы орташа жамбылдықтар  үшін тұрғын үй алуға тиімді жүйе – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотека алу болып отыр. «Нұрлы жер»  «Өз үйім» бағдарламаларымен  баспананы төменгі пайызбен несиеге қалай сатып алуға болады немесе тұрғын үй сатып алу үшін  жинақ ақшаны қалай сақтау керек?  Бұл туралы банк өкілдері журналистермен өткен пресс-турда баяндады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйге қол жеткізу үшін, соңғы 5 жылда  банкте салымшы ретінде тіркелген және атыңызда  үй болмауы қажет.Алдын ала салым міндетті түрде алатын пәтер  құнының 20 пайызын құраса, жылдық үстеме 5 пайызды құрайды. Әрі ай сайынғы пәтер ақысын төлей алатын қабілетіңіз де ескеріледі.

Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЖОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ /тұрғын үйдің әр шаршы метрі 140.000 тг-ден. 2 бөлмелі пәтер алу үшін, орташа есеппен  1млн 300 1млн 400 мың шотына салса жеткілікті. Кредитті 19 жылға дейін рәсімдесе болады. Егер 19 жылға рәсімдесе оның 8 жылын 5 пайызбен, қалған 11 жылын 3,8 пайызға түседі. Бұл бағдарламаға қатысу үшін, міндетті түрде депозиттік шотыңыз болуы керек./

9 шілдеге дейін 589 пәтерге өтінім қабылданып жатыр. Пәтер алуға үміттілер болса болса, тіркелуіне болады. Ал, осы  мемлекеттік бағдарлама арқылы баспанаға қол жеткізіп жатқандар аз емес. Соның бірі -  Гүлдана Әбдіғаппар

Гүлдана ӘБДІҒАППАР – қала тұрғыны  /осы жақта 14 үйде «Іргелі шаңырақ» деген фирманың салынған үйін алдым. Январь айынан бастап, кілтін қолыма алып осында тұрып жатырмын /

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұтынушылар үшін 2022 жылға дейін «Өз үйім» бағдарламасын ұсынып отыр.  «Нұрлы таң» тұрғын үй кешенінен баспананы 19 жылға дейін несие арқылы рәсімдеп алуға болады. Онда иелігінде тұрғын үйдің  болуы талап етілмейді. Тек жалпы соманың 50 пайызы банкте депозитте болуы шарт.

Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЖОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ алу шарты бойынша атында үй жоқ деген талап жоқ және тұрғылықты жеріне қарамайды. Түқжб-де депозиттік шоты болса болды. Алдын –ала салым 50 пайыз. Пайыздық үстемесі 7 пайызбен 19 жылға береді. 19 жылға рәсімдейтін болса 8 жылы 7 пайызбен, ал 8 жылдан кейін пайыздық үстеме 3,8 құрайтын болады.

Қазір бағдарлама бойынша бірқатар үй салынуда. 9 қабатты  2 тұрғын үй 1 қазанға дейін толық салынып бітпек.  Бүгінде құрылыстың  80 пайызы аяқталыпты.

Ғазиз БЕКБЕРДИЕВ – МЕРДІГЕР  КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ

«Нұрлы таң» тұрғын үй кешені заманауи талапқа сай соғылуда.Болашақта бұл маңда балалар ойын алаңын, сауда орталығы, 150 бүлдіршінге арналған балабақша салу жоспарланып отыр.

Үміт Сейсенғали, Руслан Сандыбай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар