ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БАСШЫЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ҚАЛАЙ?

20:49, 12 шілде 2019

Мемлекеттік мекеме басшылары  ашық диалогқа дайын ба? әлде, бюрократтық пейілдің жетегінде жүр ма? Мұң- мұқтажын айтқан бұқара қаншалықты қажетті жауабын ала алады. Осындай сауалдардың жауабын іздеген Мемлекеттік қызмет істері департаменті қала және аудан әкімдіктері мен облыстық басқарма басшыларының телефонмен сөйлесу әдебіне мониторинг жүргізді.

Елбасы Жолдауында мемлекет пен қоғам арасында арақашықтықты қысқарту қажеттігі айтылған. Оған қоса, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, кез келген азамат жеке және телефон арқылы ауызша өтініш қалдыруына болатыны көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекеттік орган 10 пункт бойынша ауызша түрде түсіндіруі міндетті болып табылады. Бірақ, бұл заңдылықтарды мемлекеттік қызметшілер қалай орындап жүр?

 Осылайша Облыстық жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы хабарласқан азаматшамен сөйлесуден бас тартты. Соңғы бір ай көлемінде облыстағы 24 басқарма, 12 әкімдіктің сенім телефонына жасалған тексеріс кезінде дәл осылай келеңсіздік анықталыпты. Бірқатар басқарма басшысы  тарапынан дөрекелік байқалса, кейбірі тіпті, жауап беруге қиналған. Ал олардың 55 пайызы азаматтармен байланысқа шектеу қойса,  енді 30 пайызы жұмыс орнынан табылмапты.

Гүлназ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ  МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ   /Біз ЖО  жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Тимуржан Нұрымбетовпен тілдесу үшін қабылдау бөлімініе қоңыруа шалдық. Алайда бізге хатшысы бір себептермен бастығының орнында жоқ екеніне орай қоса алмайтынын  жеткізді. Біз тікелей кабинетінедегі телефонына хабарласып көріп ек басқарма басшысы өзі көтерді. Мұндай келеңсіздіктер мемлекеттік органдардың ар-намысына нұсқан келтіріп қана қоймай, бүтін бір мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұсқан келтіруде. Сонымен қатар, қоғамда сенімсіздік тудырып, сыный пікірлер қалыптастыруда./

Сондай-ақ, облыс орталығы басшысына соғылған қоңырау да сәтсіз аяқталды. Қала әкімінің жеке номері де, қабылдау бөлімінің нөмері де жауап бермеді. Тек орынбасарының қабылдау бөлімімен байланысқа шыға алдық.

Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдармен телефон қоңыраулары жазылып алынды. «Сенім телефондарына» жасалған тексеріс нәтижесі облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысының қарауына жолданды.

Райхан Шәлібекқызы, Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар