ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

БАСТЫ БАҒДАР – ЖОЛДАУ

18:47, 11 қыркүйек 2019

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша түрлі мекеме, ұйымдарда арнайы жиын өтуде. Бүгін  облыстық ардагерлер кеңесі және Т. Рысқұлов ауданының әкімдігінде Жолдауда  жүктелген  міндеттер мен тапсырмаларды  орындау бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды. 

Ардагерлер кеңесінің мүшелері еліміздің бас құжатына байланысты ой-пікірлерімен бөлісті. Жолдаудың басым бағыттарын  жүзеге асыру үшін олар аянып қалмасын айтты. Жолдаудың аты айтып тұрғандай, сындарлы қоғамдық диалог - халықпен ашық пікір алмасу дегенді білдіреді, - дейді жиналғандар. Сондықтан, жақында өз жұмысын бастаған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын тиімді ұйымдастыру  - алға қойған міндеттерді еңсеруге сеп болмақ.

Аудандық актив жиынына мемлекеттік қызметкерлер, ауыл әкімдері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Онда Жолдауда айқындалған бес басым бағытқа қатысты  сан саладағы міндеттер қаралды. Сондай- ақ, ауқымды жоспарлар нақтыланып, бас құжатта жүктелген тапсырмаларды орындауға даяр екендіктерін жеткізді.

Қоғамның алға жылжуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кезекті Жолдау – ел дамуы тарихындағы жаңа кезең болары сөзсіз. Жиынға қатысушылар осындай ой түйіп, болашаққа нақты бағдар түзді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...