ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19:30, 4 шілде 2019

Күні кеше өткен кезектен тыс Президенттік сайлауға дайындық жұмыстарын жүргізу, өз деңгейінде өткізу – жауапты іс болғаны белгілі. Жамбыл облысы бойынша 718  мыңға жуық сайлаушының 81,3 пайызы  өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасады.

Жалпы, өңірде биылғы сайлауды бақылауға 3666 комиссия мүшесі қатысты. Сондай-ақ, 470-ке жуық кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері сайлау  учаскелерін даярлауға әрі ұйымдастыруға атсалысты. Еліміз үшін маңызды болған науқанда белсенділік танытқандардың бір парасын бүгін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы марапаттады. Бұл тізімде бірқатар ауылдық округ әкімдері,облыстық басқармалардың мамандары және мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ, облыстық «Ақжол» газетінің бас редакторы мен «Жамбылтв» және «77 тв» арналарының директорлары да бар.

Серғали АЙДАПКЕЛОВ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Нұрлыбек ҚҰДИЯР, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар