ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19:53, 5 шілде 2019

Күні кеше өткен кезектен тыс Президенттік сайлауға дайындық жұмыстарын жүргізу, өз деңгейінде өткізу – жауапты іс болғаны белгілі. Қазір өңір-өңірлерде саяси науқанға атсалысып, белсенділік танытқандар марапатталуда.

Бүгін де «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында бірқатар азаматтарға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, тағы бір топ азаматтар партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Мәнжуовтың алғыс хатына ие болды. Бұлардың бәрі де еліміз үшін маңызды науқанда іскерліктерімен көзге түсіп, сайлау  учаскелерін даярлауға әрі ұйымдастыруға атсалысты. Айта кету керек, партия қатарына мүшелікке қабылданған бірнеше адамға партия билеттері тапсырылды.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Ғалымжан ЕСЕНБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар