ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

"БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ" ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

18:55, 11 қыркүйек 2019

 

Бүгін аймақтағы  этномәдени бірлестіктер арасында фестиваль өтті. Ауқымы кең шараға бұл жолы жас отбасылар қатысып, бақ сынады.  Өнегемен өрілген іс шарадан тілші әңгімесі.

 

"Берекелі шаңырақ" фестивалі  отбасылар арасында жылда ұйымдастырылып келеді. Ал биылғы жылы ерекше форматта өткізіліп отыр. Өйткені, жас жанұялар тек өнерін  көрсетіп қоймай, рухани, психологиялық бағытта жан-жақты ақпар алды.  Бұл орайда, тәжірибелі психологтар көмек беріп,  жастарға отбасылық құндылықтар, өмірдегі түрлі қиыншылықтар жөнінде  бағыт-бағдар берді.

Рано УБАЙДУЛЛАЕВА  

Статистикаға  сүйенсек, бүгінде ажырасу дерегі көбейіп отыр. Әсіресе,  жас отбасылардың некелері жиі бұзылады. Ал семинар барасында  дәріс берушілер ерлі-зайыптыларға бір-біріне үнемі түсіністікпен қарауға кеңес берді. Ал шараға қатысушылар бұл фестивальдің берері мол дейді.

Хабиб АЛИЕВ

Фестиваль соңында,белсенділік танытқан жас отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар