ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БЕС БАСТАМА – НАҚТЫ ІСТЕР БАСТАУЫ

19:13, 2 мамыр 2019

ҚР Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда бірқатар басқарма басшылары есеп берді. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті атқарушы орган, саяси партиялардың аймақтық филиалдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар мен мекеме жетекшілері, жоғары оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйым және этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Жиында «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Байымбетов,  «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» тақырыбында  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова ақпар берді. Сонымен қатар,  «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасы да өңірде мықтап қолға алынған.  Бұл бағытта жатақхана салу мәселесі қарастырылуда.

Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ ТАРМПУ РЕКТОРЫ

Бүгінгі таңда елдімекендерді газбен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспек емес. Аймақта 377 елдімекеннің 181-і газдандырылса, алда 196 ауыл кезекте тұр.  Бұл бағытта Сарысу ауданында газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті басқарма басшысы.

Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кеңес отырысы барысында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов та бірқатар ұсыныстар айттып, ой бөлісті.  Аталған бастамалардың орындалуы бойынша құрылыс нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, партия бақылауында болмақ.

Райхан Шәлібекқызы, Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар