ШҰҒЫЛ! ҰЛТ БАТЫРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ Толығырақ

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

19:23, 1 қазан 2019

 

 

Биылғы оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары жаңартылған білім беру жүйесі бойынша сабақ өтуде. Стандарт әуелі пилоттық жоба ретінде республика бойынша 30 мектепте 4 жыл қатарынан қолданыста болған еді. Енді біздің аймақ да толықтай жаңа жүйеге көшті.

Жамбыл облысында бағдарламаны үйрену  үшін 14439 ұстаз арнайы дайындықтан өтті. Бүгін аймақ ұстаздары бас қосып, жаңа бағдарламамен жұмыс  істеу тәжірибесімен  бөлісті. Аймақтық семинарды «Өрлеу» облыстық педагогикалық қызметкерлерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырды.

Қазір мұғалім тек оқушыға бағыт-бағдар беруші болып саналады. Ал, шәкірт барлығын өзі ізденеді, тақырыпты өзара талқылап аша түседі. Тіптен түсінбеген сыныптастарын жетелеп, бір-біріне  баға қояды.

Жаңа стандарт бұрынғыға мүлдем ұқсамайды. Мұнда басымдық  топтық жүйе беріледі.   Мақсат – баланы әу бастан  өз ортасында ойын ашық айтуға, көкейіндегі сауалын  жеткізуге дағдыландыру.  

Жұлдыз ӨСКЕНБАЕВА,«ӨРЛЕУ» БАҰО ЖОБ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа жүйенің тағы бір ерекшелігі – оқушыға  бұрынғыдай екілік, бестік деген баға қойылмайды. Бағалау жүйесі фармативті түрде, көңіл күймен жеткізіледі. Сонымен қатар барлық пәнде  бір тақырып төңірегінде сабақ өтіледі. Онда оқушылар шығармашылық тұрғыда еркін сөйлеуге мүмкіндік алады. Мамандар мұндай жүйе баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға,  септігін тигізеді, дейді.  

Гаухар ЕЛҒОНОВА, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ №1 МЕКТЕП ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жиында аймақ ұстаздары  инклюзивті білім берудің қолжетімділігі жайында сөз қозғап, сабақ жоспарын тиімді құру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Басқосуда  ұстаздар жаңартылған жүйені оқытуда ата-аналарға артылатын салмақтың көп болатынын жеткізді. Өйткені, жаңа жүйені енгізудегі тағы бір мақсат жұмыс басты ата-ана мен бала арасында тығыз байланысты қалыптастыру болып табылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар