ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

14:36, 3 шілде 2019

Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны аяқталды. Нәтижесінде Әулиеата өңірінде орташа көрсеткіш  90,7 баллды құрады. Дегенмен, тестілеу барысында кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің білім саласының қызметкерлерімен өткен жиынында айтылды.

Мол дастархан, еркін әңгіме, заңсыздыққа көз жұму. Бұның бәрі Қордай ауданында өткен тестілеуде анықталған. Жамбыл адалдық алаңы жауапты комиссия мүшелері мен жергілікті билік өкілдерінің мейрамханадағы кешкі асына куә болған. Ал, Тараз мемлекетттік университетінің ректоры оның қандай  комиссия екенін  нақты көрсету керектігін атап өтті.  

Махметқали Сарыбеков ТАРМУ ректоры \жіктеп айту керек дейді. Кім екенін нақты?\

Сондай – ақ, ұлттық тест орталығы қаржыландыру көзін көбейтсе деген ұсыныс айтылды. Өкініштісі, сырттан келген мемлекеттік бақылаушы қағаз жазу, оны басып шығару сияқты шығындарды талап етеді екен.

Махметқали САРЫБЕКОВ ТАРМУ ректоры \әркімге алақан жаймасын дейді\

Басқосуда екінші мәселе, «Сенім жәшігі» акциясының қорытындысы зерделенді. Бірінші кезең бойынша 125 студент, екінші кезеңде 79 білімгер жемқорлық фактілері бар деп көрсеткен. Бұл әлеуметтік сауалнама қорытындысы. Айта кету керек, аймақта тек ұстаздар университеті «Таза сессия» шарасына қатысып, ашық форматта жұмыс істеген. Бұдан былай, сыбайлас жемқорлыққа бейім ұстаздар қауымы жұмыстан шеттетіледі.

Ержан Әмірбекұлы ТАРМПУ РЕКТОРЫ\жемқорлыққа бейім  ұстаздар жұмыстан шектетілмек.\

Ұялы телефон екі мәселе бойынша да кесірін тигізуде. Тек білімге емес, смартфонға телмірген жастарды мектеп қабырғасынан тәрбиелеу керек дейді, қатысушылар. Өйткені, шпаргалка, сырттан күткен жауап болашақта адалдықтан ада ететініне  сенімді.

Назима Дәрменқызы, Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар