Білімнің салтанат құруы: бәсекелестік қабілет

19:30, 18 сәуір 2017   254

Бүгін Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында «Нұр Отан»» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев жастармен кездесті. Онда партия төрағасының орынбасары Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын студенттерге кеңінен түсіндіріп, оның маңыздылығына тоқталып өтті.

12 сәуір күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухни жаңғыру» атты мақаласы жарияланған болатын. Мақала шыққан күннен бастап, барлық өңірде түрлі аудиторияны қамтитын талқылаулар, кездесулер өткізілуде. Соның бірі бүгінгі жастармен кездесу.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Иә, Елбасының рухани жаңғыру мақаласы бұл жаңа дәуірге қадам басқанмыздың белгісі. Жастар білімді, мамандарымыз білікті болуы керек.

Мұнан өзге, жиында жалпы  жастардың өміріне қатысты мақаладан үзінділер келтіріліп, олардың заман көшінен қалмай білімді, саналы ұрпақ болып қалыптасуына бүгінде бар жағдай жасалғандығы айтылды.

Диас Бәйдібек, студент

Бүгінгі жиын Елбасының жақында жарыққа шыққан мақаласына қатысты болды. Онда әсіресе жастарды заман көшінен қалмай білімді болуға шақырған.

Кездесу соңында мақала аясында студенттердің ой-пікрілері тыңдалып, олардың қосымша сұрақтарына жауап берілді.

 

 

Нұрдос Сембеков, Ғалымжан Есенбеков «Жаңалықтар қызметі»

 

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40