ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

БІР ТУ АСТЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

15:18, 4 маусым 2019

Рәміздер күніне арналған іс-шара Тараздағы «Сахна» алаңында  жалғасын тапты.  «Бір ту астындағы Тәуелсіз Қазақстан» акциясында әулиеаталық жастар еліміздің елдігін айшықтайтын символдарымыз – әнұран орындап, көк байрағымыз бен елтаңбаға құрмет көрсетті.

1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихындағы айтулы дата. ҚР-ның тұңғыш Президенті –  Елбасы Мемлекеттік рәміздерді –  біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі деп сипаттады. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін басты белгілері.  

Қазақ елінде Рәміздер күнін жылда атап өту дәстүрге айналған.  Игі шара биыл да өз жалғасын тапты. Әлемнің 33 елін жүріп өткен Жаңа Зеландиялық саяхатшы Марк Файерс бүгін тұп-тура осы мерекелік шараның үстінен түсіпті. Шұғылалы күн астында қыраны қалықтаған, аспан түстес көк туымызды ол «Мен көрген түрлі ел жалауларының ең көркемі» деп баға берді.

Марк ФАЙЕРС – САЯХАТШЫ /ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ/

Елдік белгілерімізді дәріптеген патриоттық акцияда қала өміріне бел шеше араласып жүрген жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Бұлардың бірі спорт саласында аймақтың атын асқақтатқан, тағы  бірі қаланың көркеюіне өз үлесін қосып жүрген белсенділер.

Фару РАЙЫМБАЕВ – БАЙКЕР

Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы. Оны қастерлеп құрметтеу – жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың перзенттік парызы, қасиетті борышы. Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім деп мерекелік шарада ән шырқаған тараздық жастар мен өнерпаздар  Әулиеата аспанын әсем әнге бөлеп, мерекелік шараның шырайын арттыра түсті.

Бір ту астына біріккен бейбіт халықтың бақытты сәтін бейнелейтін көріністер жиылғандардың жүрегіне жылылық ұялатты.

А. Тілеуханқызы, А. Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар