ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНА...

19:38, 4 шілде 2019

Естеріңізде болса, осыдан тура үш ай бұрын көмекке мұқтаж көпбалалы ана туралы материал дайындаған едік. Шу ауданының тұрғыны Бибінұр Әлишева мен оның анасы Шәкира апайдың жағдайын біз жергілікті билікке жеткізуге тырыстық. Бұл іске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің мамандары араласты. Нәтижесінде, Бибінұр бүгінде төрт баласына атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.  Ал жылдар бойы жеке басын куәландыратын құжаты болмаған Шәкира апайдан сүйінші сұрап, құжатын табыстап қайттық.

Тағы да бір айта кеткеннің артығы болмас,  Бибінұр жыл басында Таразға Шу ауданынан қоныс аударған тұғын. Не ауданда, не Тараз қаласының тіркеуінде болмағандықтан, балаларына тиесілі атаулы әлеуметтік көмектен қағылып келген. Түсіру тобы сол заматта-ақ Бибінұрдың мүшкіл  халін Жамбыл адалдық алаңының өкілдеріне хабарлаған болатынбыз. Нәтижесін Бибінұрдың өз аузынан естігеніміз жөн болар.

Бибінұр ӘЛИШЕВА / КӨПБАЛАЛЫ АНА

Содан бері Қант зауытындағы аядай әрі тастай екі бөлмені тастап, Бибінұр анасы мен бала шағасымен жайлы пәтерді жалдап тұрып жатыр. Бүгінде шамалы болса да тұрмысы түзеле бастаған. Ал Шәкира апайдың мәселесіне келсек, бұл кісі жылдар бойы құжатының жоқтығынан әбден қиындық көрген. Тіпті соның салдарынан зейнетақысын да ала алмағанын айтқанбыз.  Бүгін біз  Шәкира Сасықбаевадан сүйінші сұрай келдік. Сүйінші хабармен бірге департамент мамандары азын-аулақ азық-түлік, балаларға тәттілер ала келіпті.

Бұл азаматтар Шәкира апайдың құжатын қалпына келтіру үшін талмай-тынбай еңбек етті. Құжатты дайындау барысында көптеген қиындықтар кездескен, соған қарамастан мамандар бар күштерін жұмсады. Есесіне, ес білгелі құжатсыз жүрген ардақты ананың алғысына бөленіп отыр. 

Шәкира САСЫҚБАЕВА / ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бауыржан КЕНЖЕҚҰЛОВ / ҚР МҚІА ЖОД МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Тағы бір айта кететін маңызды жәйт, бұл отбасының жағдайы туралы материал эфирге жол тартқан кезде, қазіргі қала әкімі Қайрат Досаев Шу ауданын басқарып тұрған болатын. Сол кезде Қайрат Әскербекұлы көпбалалы анаға ауданнан бой көтеретін жатақханадан бөлме бөліп беруге уәде еткен-ді. Бибінұр Әлишеваның бүгінде Тараз қаласының тұрғыны екенін ескерсек, әкім мырза сөзінде тұрса, енді облыс орталығынан бір баспана бұйырар деген үміттеміз.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Руслан САНДЫБАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар