ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БІЗ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫМЫЗ» ФОРУМЫ ӨТТІ

17:28, 13 маусым 2019

Шу ауданында облыстық  прокуратураның ұйымдастыруымен «Біз экстремизмге қарсымыз» тақырыбы аясында форум өтті. Іс-шара  діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытында ұйымдастырылып отыр. Оған ауыл мешіттерінің имамдары, құқық қорғау органдары,  аудан тұрғындары қатысты. 

Дін – қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де солай.  Сондықтан да мұндай жиындар  халық арасында ауадай қажет. Форум екі бөлімнен тұрды. Жиналғандар тақырып бойынша бейне роликті тамашалады. Онан соң,  исламтанушы сарапшылар Ғазиз Ахметов, Бауыржан Әлиұлы, Ермек Жамбылұлы, Ержан Аманбаевтар жиналғандарға қажетті ақпар беріп, сұрақтарына жауап берді.  Айта кетерлігі форумды ұйымдастырушылар орынды, ойлы сұрақ қойғандарға арнайы сыйлық дайындап, жиын қалыбын қызықты өткізуге ат салысты.  

Райхан Шәлібекқызы,Жұмахан Төлеуұлынан «ЖҚ»          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...