Болашаққа бағдар – ұлттық дамудың діңгегі

17:00, 20 сәуір 2017   166

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан мезгілде үлкен серпіліс туғызған аса құнды құжат. Осыған орай, бүгін өңірдің азаматтық қоғам өкілдері мақаланың негізгі қағидаттарын талқылау мақсатында бас қосты.

Рухани жаңғырудың жаңа бағдарламасы ұлтымыздың рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылым арқылы болашаққа деген даму тетігін көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл құжат  мемлекеттің әрбір азаматына жаңа міндет жүктеп, ұлттық сананы жаңғыртады. Соның ішінде арқауы үзілмеген салт-дәстүрлердің діңін берік етіп, ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарын тізіп береді. Бұл қазіргі қоғамға аса қажет дүние деді  басқосуға келгендер.

Ринат Нұрақбаев,Қоғамдық бірлестіктің төрағасы

Абайдың өлеңдерін, Махамбеттің жырларын келешек ұрпақтың бойына сіңіру керекпіз. 100 тұлғаның есімін олар білу керек. Біз оны терең ойланып, осы бойынша жұмыстар жүргізуге тиіспіз

Сондай-ақ мақалада Елбасы бірнеше бастама көтеріп, жобалар ұсынған болатын. Соның бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі.Жиынға қатысушылар біздің қоғам мұндай үрдіске дайын екендігін айтты. Сонымен қатар өскелең ұрпақ латын қаріптерімен таныс, ал аға буын өкілдеріне де бұл бастама қиындық тудыра қоймайды деген пікір білдірді.

Қанат Берденов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Латын әрпіне көшу  бұл болашағымыз үшін керек. Елдің дамуына септігін тигізеді. Бұл өте дұрыс

Бұл бастамалар өркениетті елдер қатарына қосылу үшін маңызды. Мақаланың мақсаты да сол – қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру.

 

Шырайлым Болатбекқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40