ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

БОРЫШКЕР ӘКЕЛЕР АЗАЯР ЕМЕС

16:28, 1 тамыз 2019

Көкек әкелер көбейіп барады. Күн санап алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер саны артуда. Тіпті олардан қажетті соманы кей жағдайда сот орындаушалардың өзі өндіре алмайды.

Себебі, борышкерлердің бірі жұмыс орынын, бірі алатын тиісті жалақысын жасырып әлек. Ал, олардың басым көпшілігі жұмыссыз жүргендер мен еш кірісі жоқ азаматтар. Алимент төлемеген жағдайда не болады? Заң оларды қандай жауапкершілікке тартады?

Бүгінгі таңда қоғамда алимент алуға мәжбүр болып отырған мыңдаған бала, сот орындаушыларына жалтақтаған қаншама ана бар. Қазақстанда ажырасушылар саны азаяр емес. Ал отбасы бұзылған соң, ҚР «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, әр әке баласын бағып – қағуға, оның білім алуына деп қаражат  төлеуі тиіс.

Кайратбек ЕРКЕБАЕВ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Назгүл Сейдалиева 4 баланың анасы. Ол жолдасымен осыдан алты жыл бұрын ажырасқан. Жалғызбасты ананың жағдайы қиын.  Күнделікті күнкөріске қаражат жетпейді. Міне,  тек соңғы жылда ғана ол баласына тиісті қаражатты алып келеді.

Назгуль СЕЙДАЛИЕВА

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА: 2 жыл бойынша төлемеді. Міне, соңғы жыл ғана алимент төлеп отыр. 18 мың жетпейді.

Борышкерлердің тұрақты жұмыс орындары болса да, алименттен жалтару мақсатында олар жалақысын жасырып, «кірісі аз» деген анықтама алып жатады. Ондай көкек әкелер саны жыл сайын азаймай, керісінше өсіп барады  ДЕЙДІ МАМАНДАР.  Дегенмен баршаға бірдей топырақ шашуға болмайды. Өз еркімен баласына жәрдемдесетін де әкелер бар.

Айдос ПІРМАШЕВ -  АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІ

Борышкерлерге деген заң қатал. Егер, алимент төлеуден жалтарса, жеке мүліктері мен көлігіне дейін сот қолдануға тиым салады. Тіпті, жеке бас бостандыған айыру жазасы да бар.

Мақсат ЕДІЛБАЕВ – ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ

Қысқасы борышкер әкелер алименттен жалтарудың емес, төлеудің жолын іздесе 2 жаққа да абзалы сол.

Н.Сембек, Гүлжан Серікқызы, Т.Терлікбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...