ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

18:49, 16 тамыз 2019

 

Жас мамандарға – жаңа мүмкіндік. Таразда  педагогикалық мамандықтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.  Оған жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген  400-ге жуық жас маман келіп,  78 оқу орынының   өкілдерімен кездесті.  Жәрмеңкеге барып қайтқан тілшіміз жалғастырады.

  Бұған дейін де талай мәрте ұйымдастырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі  -белгілі бір мамандықты меңгеріп шыққан білімді азаматтарға лайықты жұмысқа орналасуына, ал   жұмыс берушілерге –іздеген мамандығын  табуына мүмкіндік берген болатын.  Бүгінгі жәрмеңкеден байқағанымыз,  химия, физика, математика, ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Себебі, облыста нақ осы мамандықтар жетіспейді. Бұл жолы жұмыс беруші тарап 278 бос жұмыс орнын ұсыныпты.

Бауыржан ТӨЛЕГЕНОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ

Айнур  Тараз  мемлекеттік университетінде оқып,   ағылшын тілін меңгеріп шыққан.  Өз мамандығымен жұмыс істеуді армандайды. Әзірге  тәжірибесі жоқ, бірақ алған білімін іс жүзінде  көрсетсем дейді.

Айнұр АБДІБАЙ , ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Биыл мен университетті бітірдім, бірақ әлі жұмыс істемедім. Ал биыл мамандық бойынша жұмысқа тұрғым келеді. Мен екі шет тілін бітірдім. Бұл жерде өте ыңғайлы, барлық жұмыс берушілер жиналған, сіз бәріне жүгіне аласыз

Мамандар жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресте  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жастар тәжірибесі, ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту сынды бірқатар бағдарламалар жүйелі жұмыс жасалатынын атап өтті.  Жауаптылар  қалада бос орындар жәрмеңкесі жиі  өткізуді жоспарлап отырғанын  айтады. Ал  келесі  кездесу қазан айында ұйымдастырылмақ.

Ардақ Сапибулла, Ермек Асаубаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...