Бұл –халықтың құрметі

20:54, 21 маусым 2017

Өз өмірінің 25 мың сағатын,яғни 1041 тәулігін  әуеде ұшқан , дүние жүзінің  көптеген елдерінде болған,байырғы ұшқыш  Орынбек Жорабеков те Астана халықаралық әуежайының  Елбасының есімімен аталғандығы  туралы ақжолтай жаңалыққа қуанып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген авиация қызметкері, бүгінде құрметті демалыстағы азамат Қазақстанның осындай дәрежеге жетіп, әлемге танылуы, өркениетті елдер қатарына қосылуы жолында орасан еңбек етіп келе жатқан  Елбасының есімін халықаралық  әуежайға беру – әбден лайықты шешім дейді, әрі ол халықтың құрметі деп біледі.

Орынбек Жорабеков – Қазақстанның еңбек сіңірген авиация қызметкері /Астана әуежайына Елбасының аты беріліпті. Бұл өте қуанышты, келісті деп айтуға болады. Үлкен аэропорттарда, мысалы, Америкада Кеннедидің, Делиде Индира Гандидің, Стамбулда Ататүріктің атын берген. Ол дегеніміз, үлкен, елге еңбегі сіңген қайраткерлердің аттары беріледі, құрдан құр берілмейді. Мен көптеген мемлекеттерде болдым. Аэропорт деген мемлекеттің, қаланың бетпердесі, есігі. Сондықтан, халықтың қалауына сенем, 25 жылда Елбасымыз Қазақстанды алға шығарды. Қазір Қазақстанды Құдайға шүкір, көп мемлекеттер біледі. Естігенде өте қуандым/.

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...