ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

БҮТІН БІР ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨРТЕНІП КЕТТІ

13:20, 17 шілде 2018

Жамбыл облысы  Байзақ ауданында  ірі шаруа қожалық отқа оранды. Оқиға, Ақшолақ ауылының маңында болған. Салдарынан қыстық мал азығы, қора-қопсы  және бірнеше техника жанып кетті. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін зерделеп жатыр.

Өрт Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізінің бойындағы шаруа қожалықтарының бірінде орын алған. Абырой болғанда мал-жан дін аман. Оттың неден шыққаны белгісіз. Шаруа қожалық иелерінің  сөздеріне қарағанда қысқа мал азығы деп дайындаған 300 тонна арпа, 25 мың тығыздалған шөп, бірнеше сарай және екі автобус жанып кеткен. Сонымен қатар автобустардың ішінде құны 49 миллион теңге болатын тамшылатып суару технологиясына арналған қондырғы болған.

Төңіректе су алатын орын болмағандықтан өрт сөндірушілер біраз қиындықтарға тап болды. Оның үстіне жел соғып, отты өршіте түскен. Жергілікті мамандардың шамасы жетпегендіктен облыс орталығынан қосымша 3 техника шақыртылып, 30 шақты адам жұмылдырылды.

Жақсылық Бекбергенов, Байзақ ауданы 8-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары/Өрт ошағының айналасында сусыз аймақ болғандықтан өрт сөндірушілер өрт сөндіру техникасымен өрт ошағынан 200 метр жерден су тасып өшіруде. + Өрттің шығу себебі, шығыны, бәрі анықталуда. Көлемі бәрі анықталуда.

Мамандар өрттің шығуына адами фактор әсер еткен болуы мүмкін деп отыр.Шаруа қожалығы иесіне мал азығына көрші отырған шаруалар көмектесетін болды. Олар 7500-дей тығыздалған шөпті көмек ретінде жинап бермек.

Мұхтар Қилыбаев, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі/Бұл жерде 250 бастай сиыр тұрады. Оның 100 басы сауын сиыры. Осы малдарға арналып дайындалған жем-шөп. Одан бөлек енді, + қант қызылшасына арналған суландыру жүйесіне арналған құрылғылар өртеніп кетіп отыр. + бір қора үлкен 100 бас сиырға арналған өртеніп отыр. Бірақ мал аман, адам аман ең негізгісі.

Нақты өрттің неден шыққанын арнайы мамандар анықтайды. Ферма қожайыны шамамен 70 миллион теңгеге шығын келді деп отыр.

 Е.ӘБУҒАЛИ

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар