ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

БЮДЖЕТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – БАСТЫ НАЗАРДА

20:02, 16 мамыр 2019

Жамбыл облысы 4 айдың қорытындысы бойынша республикада алдыңғы сапқа шықты.  Алайда, бірқатар шаруаны ширату керек.  Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен  селекторлық алқалы жиында айтылды.

Төрт айдағы көрсеткіштер сараланған жиында 2020 жылы бюджетті қалыптастыру және «Ауыл – ел бесігі» жобасы және  жобалық сметалық құжаттардың дайындығы талқыға түсті.

Аймақтағы  368 жобалық сметалық құжаттаманың 278-і құрылыс басқармасына тиесілі. Оның бақылаудан алынғаны 173 болса, 105-і нақты қадағалауды қажет етеді. Бұл 2018 жылы бітіруге міндетті болған жобалар, ал 2019 жылға жоспарланған 145 жобалық сметалық құжаттамаларға бюджеттік қаржы қаралған.

Жайықбай ШАЛДАРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар, энергетика басқармасымен 113 жоба әзірленуде. Оның жалпы құны – 845 млн теңге. Әйткенмен, мұнда да шикілік бар. Бақылау мен қадағалау болмағандықтан, бұл жобалар да мерзімінен кешіктірілуде.

Нұрлан АЛДАМЖАРОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жиында осы сынды орын алған кемшіліктердің орнын толтыру, яғни олардың шешу жолдары қарастырылды. Әйткенмен, төрт айдың  қорытындысымен, Жамбыл облысының көрсеткіші республика көлемінде көш бастап тұрғанын айта кеткен жөн. Әкім алға қойып отырған негізгі міндет – нәтижені белгіленген межеден асыру болып отыр. Мұндағы басты мәселе – сайып келгенде, жауапкершілікке келіп тіреледі. Сондықтан, әуелі аудан әкімдерінің міндетін мінсіз атқаруы – басты назарға алынбақ.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /Үкіметтің отырысында айтылғандай, Жамбыл облысында  4 айдың қорытындысы бойынша барлық индикаторларға қатысты оң динамиканың қалыптасқаны белгілі. Барлық көрсеткіштер бойынша 100 пайыздан жоғары. Бірақ кейбір көрсеткіштердің 100 пайыз дан жоғары болғанда да, шамалы ғана жоғары. Жаңағы айтқандағыдай, құрылыстың көлемі 1,2 пайызға ғана жоғары, 101,2 дегендей. Ендігі жерде индикаторлардың барлығын әр айдың қорытындысы бойынша сол бізге белгіленген межеге сәйкес, орындап отыру үшін, керек болатын болса, ол межеден артық орындап отыру үшін жылдың аяғына дейін бізде болжамдық жоспар болуы керек.

Сондай-ақ жиын барысында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында жүргізілетін құрылысқа құжаттардың  дайындығы, 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі облыс бюджетінің орындалуы, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының іске асырылуы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және олардың жұмысын дамытуды үйлестіру, «7-20-25» бағдарламасының орындалуы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. Аудан басшыларына жұмысты жүйелі ұйымдастыру және өз деңгейінде жүргізу талаптары қойылды.
 

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, Марат Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...