ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕ ТИІМДІ

20:30, 11 қазан 2018

Биылғы қараша айының 26 мен 28 аралығында аймақтағы эфирлік телехабар таратуды аналогтық жүйеден цифрлық жүйеге толықтай көшіру күтілуде. Түсініспеушілік орын алмас үшін түсіндіру жұмыстары жыл басынан  барынша қолға алынды. Осыған байланысты брифинг өтіп, жұмыстардың жай-жапсары журналистерге таныстырылды. 

Біздің өңір сандық жүйеге қосылуға сақадай сай. Барлық жұмыстар бүгінгі күнге  толығымен аяқталды. 43 радиотелевизиялық станция салынып, көнергендері қайта жаңғыртылды. 44 цифрлық таратқыш іске қосылды. Жоспарға сай облыстағы 377 елді-мекен бірі қалмастан қамтылса, бұл 99 пайызды құрап отыр.  Мүлдем қамтылмай қалған аймақта елді-мекендер де бар көрінеді. Олар Ақбақай, Қашқан-Теңіз, Қазақстан,Шабақты, Сағынды ауылдарымен Меркі шипажайы аумағы. 6 ауылдан бас-аяғы 654 қосылуға тиісті үй тіркелген. Жаңа жүйеге сәйкес Тараз қаласында 26, ал аудандарда 15 арна көрсетілмек. Шамамен 40 пайызы, яғни 91968 байланыс «ОТAU TV» қызметіне қосылған. Сарысу сынды аудандарда кабельдік операторлар жұмыс істейді. Ал «ALMA TV» тұтынушыларының саны әзірге 14 мыңнан асады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 814 отбасы «ОТAU TV» ұлттық жерсеріктік тарату жүйесіне қосылған. Жуырда әлеуметтік мұқтаждығына байланысты 1955 отбасына сандық эфир қабылдағыштар тегін берілмек. Қажетті қабылдағыш барлық сауда орындарында еркін саудаланса, сапасына қарай бағасы  3500 мен 10 000 теңгенің аралығы.

Мақсат Қойшыбаев/Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры  

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар