ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ

20:30, 3 қыркүйек 2018

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметоватың төрағалығымен Жамбыл облысында ішкі және сыртқы туризмді дамыту жөніндегі жиын өтті. Онда өңірдегі туризм кластерін алға жылжытуға арналған жол картасының орындалу барысы қаралды. «Туризмді дамыту – табыс көзі» екендігі даусыз. Алайда, оны дамытып, Жамбылдың жаухар жерлерін жер жаханға таныту үшін нақты әрі жоспарлы жұмыс керек. Бұл бағытта облыстық туризм басқармасының басшысы баяндама жасап, осы салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Оған сәйкес, алдағы қазан айының басында Таразда «Тараз- Аспара- Фэшнуик» атты сән апталығы мен өзге де іс-шаралар жоспарланған. Бұл апталыққа 16 елден 3000 адам келеді деп күтілуде. Осының барлығы да Жамбыл жерін шет елдерге таныту үшін керек. Таразда сән апталығынан бөлек, туризмді дамыту үшін нақты жұмыс көп.  Бір ғана табиғатымыз бен тарихымызды ақтарсақ, қаншама керемет көріністер мен орындар ашылады. Алайда,  бүгінде олардың инфроқұрылымдық мәселесін шешу, жолы мен өзге де жағдайлар бойынша нақты жұмыс жоқ. Осы басқасуда облыс әкіміне Таразда туристерді алып жүретін төбесі ашық автобус жалдау жөнінде ұсыныс тасталды. Алайда, аймақ басшысы мұны да дер кезінде байқап, керек еместігін айтты. Оған бөлінетін 8 млн. теңгені туризмді дамытудың басқа бөлігіне жұмсайық деген ой тастады. Сонымен қатар, "Қазақ хандығының -550" жылдығына орнатылған монументтің қасында бір музей немесе ақпарат алатын орын жоқ. Кез келген турист, ескерткіш арқылы ол жерден ешқандай мәлімет ала алмайды. Туризм басқармасы осы жерді ары қарай қалай дамытамыз деген мәселені шешу керек деді аймақ басшысы.  Жиында мұнан өзге де маңызды мәселелер айтылды. Асқар Исабекұлы нақты жұмыс жоспарын түзеп, құр сөз емес, туризмді дамытып жатқанымыз айқын көрінетіндей жұмыс керек екендігін айтты. Кездесу соңында жауапты басшыларға өңірде медициналық туризмді, фито туризмді дамыту жөнінде шұғыл тапсырма берілді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...