ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

15:32, 17 маусым 2019

Тараздағы республикалық, халықаралық олимпиада және ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары қала әкімінің қабылдауында болды.

Кездесуге 10 дарынды оқушы келді. Басқосуда қала әкімі оқушылармен еркін форматта әңгіме-дүкен құрды. Ал, талантты жастар емін-еркін  өз пікірлерін білдіріп, оқу үдерістерінен сыр шертті.Ал оқушылардың қатарында заманауи технологияны меңгеріп, робототехниканың тілін тапқандар да бар.Сондай-ақ, шаһар басшысы бүгінде елімізде білім саласын дамытуға ерекше қамқорлық жасалып жатқанына тоқтала келе, абыройын асқақтатып, білім көкжиегінде жарқырай көрінген дарынды өрендердің жетістіктеріне тәнті болып, айрықша алғысын жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар