ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ДАРЫНДЫ ӨРЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

20:04, 11 маусым 2019

2018-2019 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 245 оқушының 130 – ы жеңімпаз атанған. Яғни, олардың 28-і алтын, 33-і күміс және 69-ы қола медаль иеленіпті.  Білім шыңының биігінен көрініп, аймақ абыройын асқақтатқан дарынды оқушылармен бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Орынбеков  кездесіп, әсерлі сұхбат құрды.

Бүгінгі білім мен ғылым ғасырында баланың талантын танып, қабілетін арттыру бір бөлек, оны бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу - үлкен маңызға ие. Әулиета өңірінде бұл іс бүгінге жемісті нәтиже беріп келеді. Талабы биік жамбылдық жастардың республикада 7 жыл қатарынан үздік атануы осының дәлелі. Кездесу барысында Бекболат Орынбеков дарынды оқушылардың алдағы өміріне сәттілік тіледі. 

Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Кездесуге білім бәсекесінде топ жарған 94 оқушы қатысты. Олардың бәріне бірдей 100 000 теңгенің сертификаты табысталды. Осы дарынды жастардың арасында мектеп бітіруші 50 түлек те бар. Олардың 17 і Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды. Болашағынан зор үміт күттіретін бұл жастар облыс басшылығына ризашылық сезімдерін білдіріп, өздерінің арман-мақсаттарымен бөлісті. 

Әділет ТҰРТЕМІР, «БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ҮШ ДҮРКІН АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ

Әсия СЕРІКҚЫЗЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Оқушылардың нақ осындай жеткен жетістіктері мен толағай табыстары ең әуелі ата-аналарының, содан соң ұлағатты ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Жеңімпаз оқушыларды дайындауда талмай-тынбай еңбек еткен, бар білімдерін оқушы санасына сіңірген бірқатар мұғалімдерге «Құрмет грамотасы» табыс етілді.

Жәмилә БЕКБАТЫРОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ғылым мен білім – ел болашағының іргетасы. Іргетасы мықты болса, ел – күшті, еңсе – биік, ертең – анық. Бүгінде осындай алғыр да өжет, білімді жастардың қаулап өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Өміртай ЫБЫРАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар