ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

«ДӘМДІ TARAZ – FOOD TOURISM» ФЕСТИВАЛІ

20:30, 11 қазан 2018

Туризмді дамыту – толайым табыс, мерейлі мәртебе. Алатау баурайынан –Мойынқұм жайлауына дейін ен жайлаған Әулиеата өңірі  көрікті мекендерден кенде емес. Бірақ, туризмнің жоғары деңгейге көтеріле алмай келе жатқаны жасырын емес. Осыны ескерген облыс әкімдігінің туризм басқармасы облыс орталығында  «Дәмді Taraz – Food TOURISM» фестивалін өткізді.

Туризмді дамыту – табыс көзі екендігі даусыз. Алайда, оны дамытып, Жамбылдың жаухар жерлерін жер жаханға таныту үшін нақты әрі жоспарлы жұмыс керек. Осы бағытта ұйымдастырылған тағам фестиваліне еліміздің басқа да аймақтарымен қатар алыс жақын шет елдердің де туристік агенттіктері тартылған. Олар Тараз шаһарының көрікті жерлерін өз елдерінде насихаттайтын болады.

Қарлығаш Аралбекова / Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы

Иә, туризм дегенде Әулиеата өңірінің әлеуеті қуатты.  Бай табиғаты, тарихи мол мұрасы бар. Ал, бүгінгі фестивальде Тараз қаласындағы айтулы мейрамханалардың аспаздары өз өнерлерін көрсетіп, дәмді тағамдарын көпшілік назарына ұсынылды.

Дугласс Басэтс / Турист   /Италия/ / Менің Тараз қаласына келуім бірінші рет. Ең әуелі сіздердің қонақжайлықтарыңызға ерекше алғыс айтқым келеді. Тағы бір айта кетерлігі сіздердің қаладан кез-келген елдің тамағын табуға болады. Бұл таңқаларлық дүние. Өз елімізге барғанда мұның барлығын қуанышпен жеткізетін боламыз.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып, ежелгі салт-дәстүрлерді жаңғырту мен аймақтағы кәдесый өнімдерін дамытуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.   

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
14:36, 19 маусым 2019
ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...