ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ЖАЙЛАҒАН ЖЕМҚОРЛЫҚ

22:14, 24 мамыр 2019

Жамбыл облысындағы кейбір емханаларда жұмысқа жарамды деген анықтама 4 мың теңге тұрады. Ал, медициналық біліктілікті арттыратын сертификаттың құны 55 мың теңге. Жаға ұстатарлық денсаулық саласын жайлаған жемқорлық әрекеттер «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында белгілі болып отыр.

Денсаулық саласына жауаптылар мен аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары бас қосқан жиында біраз олқылықтың беті ашылды. Мәселен, аталған департамент жүргізген зерделеу жұмыстары кезінде Байзақ аудандық орталық ауруханасында жұмысқа жарамды деген анықтаманы сондағы ақ халаттылар 4 мың теңгеге саудалаған.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ  / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұдан бөлек, «медициналық біліктілікті арттырды» деген сертификаттың бағасы 55 мың теңге екені анық болған. Қазіргі уақытта бұл істермен құзырлы органдар айналысып жатыр.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ  / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

«Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты жасырын сауалнама жүргізілген. Нәтижесі көңілдегідей емес. Тіпті, бірқатар қызметкерлер «бармақ басты, көз қысты әрекеттерге» жол беретіндердің атын атап, түсін түстеген. Ал, емделушілердің 22 –сі дәрігерлердің жұмысына көңілі толмайтын болып шықты. Оның 17-сі №9-шы Тараз қалалық емхананың жұмысына наразы. Мекеменің бас дәрігері мұның себебін былай түсіндіреді.

Денсаулық саласын жайлаған жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Данияр Асқарұлы

Руслан Бегалы «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...