ШҰҒЫЛ! АДАМ САУДАСЫ – ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА Толығырақ

Депутаттар аймақтарды аралап жүр

15:08, 12 қаңтар 2018

Депутаттар қазір аймақтарды аралап жүр. Олар әртүрлі еңбек ұжымдарымен кездесіп, заң саласындағы соңғы өзгерістер мен Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа түсіндіруде. Мәселен: ҚР парламенті сенатының депутаты Абдалы Нұралиев пен мәжілісмен Омархан Өксікбаев Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарында болды. Толығырақ тілші бейнематериалда.

Абдалы Нұралиев бірінші Жарлысу ауылында болды. Онда депутатқа жаңадан салынған «Тәттімбүбі» балабақшасы көрсетілді. 100 балаға арналған бөбекжайды ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Сайрамбай Дөненбаев өз қаражаты есебінен тегін салып берді. Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы бойынша әр азамат өз ауылының көркейуіне осылай ат салысу керек деді халық қалаулысы. Сенатор одан кейін аудан орталығында орналасқан Құлан ауылшаруашылығы колледжіне барды. Онда оқу орнынын студенттерімен кездесіп, Елбасы жолдауынан туындайтын маңызды міндеттерді атап өтті.

Абдалы Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Жер –жерлерді аралап, халықтың жағдайымен танысып жүрмін. Сіздерде де жағдай жаман емес екен. Колледждеріңіз материалдық- техникалық жағынан толық қамтылған. Енді тек жақсы оқу керек

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев жұмыс сапарымен Шу ауданына барды. Ол алдымен Шу қаласының орталық қазандығында болып, қаланы жылыту маусымының барысын көрді. «Шу - Жылу» коммуналдық мекемесі болашақта газбен жылытуға көшетін болады. Сонымен қатар, депутаттың жұмысы  «Қамқор Локомотив» серіктестігінің филиалы Шу локомотив жөндеу зауытында, «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағындағы «Хим Плюс» мекемесінде, «Жетісу» тұрғын үй алқабын аралаумен жалғасын тапты. Тұрғындай қойған түрлі сауалдарға жауап берді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Жылыту қазандығының жұмысын көрдік. Өзге де нысандарды араладық. Әсіресе, қазандықтың көмірден газға көшуі қуантады. Өйткені, бұл экологиялық жағдайды жақсартады. Сосын кешегі Елбасы жолдауындағы технологияны дамыту мәселесін де шешеді

Тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарды тыңдаған халық қалаулылары көтерілген барлық мәселені тиісті орындарға жеткізетіндіктерін айтты.

Айбол Қарашев, Талғат Досмамбетов, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
20:30, 16 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАНДАЙ?
13:20, 17 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...