ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР БЮДЖЕТТІ БАҚЫЛАУҒА АЛМАҚ

18:34, 14 маусым 2019

Миллиардтаған қаражаттың теңгесі мен тиынын  енді депутаттар қатаң қадағалауға алмақ. Бұл туралы  Жамбыл облысы мәслихаты жанындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында айтылды. Халық қалаулылары  өңірлік бюджеттің атқарылу барысын да  саралады.

Роза ИСАЕВА – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыстық бюджеттің кірістері 2018 жылы 221,3 млрд теңгені құрап, 1,5 млрд теңге артық түсім түскен.. Жалпы алғанда, Жамбыл облысы басқа өңірлермен салыстырғанда қаражатты игеру көрсеткіші бойынша алғашқы бестіктің құрамында. Сансыз цифрларды сөйлетіп, мәлімет берген өңірдің бас есепшісіне депутаттар ұсыныстарын да білдірді.

Халық ТҰРСЫНБАЙ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Былтыр аймақта небәрі 37,2 млн. теңге игерілмеді, дейді мамандар. Дегенмен, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір аз екен.

Масат БЕРІК – БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ

Ал арнайы тексеру комиссиясы тек жүрмепті. Млрдтаған сомаға  қаржылық бұзушылықтарды анықтадық деп отыр.

Жанатбек ЖАПАРОВ – ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

 Тексеру нәтижесінде  59 нұсқама жолданып, 194 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тағы 27 қызметкерге 3 млн. 505 мың теңге әкімшілік айыппұл салыныпты. 109 материал құзырлы мекемелерге жолданса, тиісті заңнама талаптарына атүсті қарағандардың істері сотқа жіберілді, дейді мамандар.  

А.Тілеуханқызы, Р. Бегалы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар