ШҰҒЫЛ! ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ Толығырақ

Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды

19:41, 22 қаңтар 2018

Діни ахуалды тұрақтандыру өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде өңірімізде теріс ағымның жетегінде кеткен азаматтарды кері қайтару бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. 2015 жылдан бері осы уақытқа дейін оңалту жұмыстарының арқасында деструктивті бағыттағы 419 азамат қоғамға бейімделген. Оның ішінде 40 әйел азаматы бар. 

Жамбыл облысы халқының саны -     1 млн, 116,5 мың

Мұсылман   -   969.1 мың (86,71 %)

Христиан  -          131,6 мың (11,86%)

Басқа діндер, атеистер мен агностиктер  -  15,8 мың (1,43%)

Жамбыл облысында 1 млн 117 мыңға жуық  халық тұрады.  Ұлттық ерекшеліктері бойынша оның 87 пайызға жуығы – мұсылман, 11 пайыздан астамы христиан, ал қалғаны басқа діндер мен атеистік көзқарасты ұстанушылар болып саналады.  Бүгінде тіркеуден өткен діни бірлестіктердің елдегі барлық әрекеттері мемлекеттік органдардың бақылауында.  Ал, экстремистік және деструктивті бағыттағы ағымдармен күрес жыл артқан сайын қарқын алуда.

Данияр Жұмабаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы

/Облыс бойынша мешіттерде 685 жалпы кездесу өтіп, оған 43057 адам қамтылды. 110 жеке кездесу өтіп, 8-і ханафиге оралса, 68-інің қайту ниеті байқалды. Ал, түзету мекемелерінде 207 кездесуге 2585 адам қамтылды. Жеке кездесуге 104 адам, жалпы кездесуге 2481 адам қатысты. Соның ішінде 11-і дәстүрлі исламға қайтты, 52-сі ханафи мазхабына бейім/.

Жат ағымдардың жетегінде кететіндер ішінде жастар көп. Олардың оңай алданып қалуының негізгі себебі – ұстазсыз діни білім алу, - дейді мамандар. Одан бөлек, дінтанушылар енді ғана әуестеніп жүргендерді оңалту оңай екенін, ал 5-6 жыл тұрақты жат ағымдықтармен араласып жүргендерді қоғамға бейімдеу қиынға соғатынын айтады. 

Ерзат Жақыпов, Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары

/Олардың негізгі мақсаты – ҚР зайырлылық принциптерін жою, яғни бізде 18 конфессия, 4500-ден астам діни бірлестіктер бар. Бұның ішінде христиандық, буддалық, католиктік және исламдық та бірлестіктер бар. Міне, осы бір-бірімен тату өмір сүріп жатқан, бір-бірімен тату өмір сүріп жатқан, бірбірімен тығыз қарым-қатынаста болып жатқан діни бірлестіктердің ортасына бүлік салып, қақтығыстыру /

Теріс пиғылдылардан келетін қауіп аз емес. Жақыныңыздың жат ағым жетегінде кеткенін байқасаңыз, облыстық дін істері басқармасы жанындағы оңалту орталығына жүгінсеңіз болады.    

Ә.Ж; Ғ.Е, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
20:30, 24 мамыр 2018
ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының аудандардағы іріктеу кезеңі аяқталды
12:30, 21 мамыр 2018
«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизия...
Толығырақ...
ЗАҢНАН АТТАҒАН  БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
20:30, 18 мамыр 2018
ЗАҢНАН АТТАҒАН БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...