Деструктивті діни ағым өкілдерінің әлеуметтік парақшаларына тосқауыл қойылды

19:49, 23 тамыз 2017

Бүгін өңірлік коомуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын қорытындылап, баспасөз жиынын өткізді.

Еліміздегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облысымызда жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен 2017 жылдың І жартыжылдығында 50 мың адамды қамтыған 1129 шара өткен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде биыл 3 жоба қарастырылып, оған бюджеттен 10 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ деструктивті діни ағым өкілдерінің күдікті деп танылған 1382 әлеуметтік желідегі парақшалары анықталып, 133-не сот шешімімен тосқауыл қойылған. Өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жұмыстары бойынша тұрғындардың әр-түрлі діни көзқарасын, ой-өрісін тереңірек зерделеу мақсатында ағымдағы жылдың жартыжылдығында шетелдерде діни білім алу туралы оқушылардың көзқарасын анықтау үшін 502 респондент сауалнамаға тартылған.

Кенжекүл Жұмекеева, Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы

Халық арасында сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде, ЖОО және мектептерде көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеміз.

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...