ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

Дәстүрі берік елдің – тұғыры биік

19:58, 13 қыркүйек 2017

Таразда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында республикалық семинар-тренинг басталды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: дамудың жаңа кезеңінің міндеттері тақырыбындағы бұл семинарды ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Акаадемиясы ұйымдастырып отыр. Басқосу сондай-ақ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Мағынасы терең, маңызы зор мұндай жиын Жамбыл жерінде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Құт дарыған киелі өңірде бүгінде 80-нен астам ұлттар мен ұлыстар береке мен бірлікте өмір сүруде. Семинарға шақырылған қонақтар алдымен осы сан алуан этностың салт-дәстүр, әдет –ғұрпынан көріністерді тамашалады.

Республикалық деңгейдегі семинар-тренингте жаңа дәуірдегі жаңғырудың негізгі тетіктері, елімізге рухани  жаңғырудың ықпалы жан-жақты айтылды. Оның ішінде мемлекеттегі этноконфессионалды жағдай, рухаани жаңғыру бағдарламасын іске асырудағы қоғамдық келісім кеңестері қызметінің жаңаша қағидаттары  жайы кеңінен сөз болды.

Тақырып ауқымды. Айтылар пікірлер де  сан алуан. Елбасы бұл бағдарламалық мақалада атқарушы органдар  алдына аз міндет қойған жоқ. Сондай-ақ, Ассамблеяның кезекті сессиясында да қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша да алға қойылған мақсаттар жетерлік.  Бұлардың барлығын жіктеп-жіліктеп түсіндіру мен түсіну бүгінгі семинардың басты мақсаты. 

Семинар-тренинг үш күнге созылады. Келген қонақтар осы уақыт ішінде қатысушылармен тақырып аясында дәріс-әңгімелесу, тренингтер, фокус-топтар, пікір алмасу мен практикалық сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ,  Тараздың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылады деп күтілуде.

Аягөз Тілеуханқызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...