ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ДИҚАНДАР МОЛ ӨНІМ АЛУҒА НИЕТТІ

19:24, 11 шілде 2019

Қазір барлық өңірлерде жазғы дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Меркі ауданы шаруалары да егін орағына маусым айының 25-і нен бастап кірісіп кеткен. маңызды науқанның барысын аудан басшылары арнайы барып, бағамдап қайтты.

Биыл егіс алқабында көңіл қуантар жаңалықтар аз емес.  Осы жылы аталған серіктестік жалпы көлемі 1500 га жерге бидай еккен. Дәл қазір алқапта бригада жетекшілері, комбайншылар бастаған ұжым « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» -деп қызу жұмыс үстінде. Жылдық нәпақасын жер анадан айырып отырған дихандар, шет елдермен тәжірибе алмасуының арқасында өнім сапасын арттырып отыр. Нақтылап айтсақ, 100 га жерге «Суперэлита Стекловидная-24» бидайы , тағы 100 га жерге Франциядан  арнайы аудан тұрғындарын ұнмен қамтамасыз ету мақсатында алып келінген «Эфклид» бидайы егілген. Бұл аталмыш сұрыптардың  негізгі ерекшелігі 1 дәннен 12 сабаққа дейін жерден өніп шығып, әр сабақтан 70-90 дана дән береді екен. Осы жылы бұл бидай сұрыпынан ең жоғарғы центнердегі өнім күтеміз- дейді шаруалар.

 

Сонымен қатар, тағы да айта кетер жағымды жаңалық биыл 200 га жерге Франциялық  «Тиссерин» қызылша сұрыпы егіліп күтіп,бапталуда. Бұл ерекше элиталы балтамыр қазірдің өзінде 1-1,5 келі салмақ тартып тұр, пісіп жетілгеніне дейін тағы да салмағы көбейіп керемет нәтиже  беретініне сенім мол. Шаруалардың тірлігімен танысқан аудан әкімі, басты міндет еңбекті еш кетірмей, уақытылы өнімді жиып алу керектігін айтты.

Қ.Байкүшіков

Мереке Нәдірқұлов

Еркін Жасыбай

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар