ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

16:17, 12 маусым 2019

Аудандар мен Тараз қаласындағы білім беру ұйымдарына экстремизм мен тероризмнің алдын-алу жұмыстарына жасалған зерделеу қорытындысы жүйелі жұмыстың жоқтығын көрсетті. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен алқалы жиында АЙТЫЛДЫ.  Сонымен қатар, онда дін төңірегінде бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

Облысымыздың бас ұстазының сөзінше білім басқармасы аталған іс-шаралар аясында 392 мектепке діни сауаттылық сабағын өткізген. Онда барлығы 16 мың мектеп оқушыларына ақпарат беріліп жұмыс жоспарға сай жүргізіліпті. Сондай-ақ, мектеп ұстаздарының сауатын ашу бағытында да бірқатар шаралар атқарылған.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА – ЖО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Басқармалардың есебі тыңдалып, сандар сөйлегенімен нәтиже төмен. Өйткені аудандарда оқушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық түсіндіру сынды бірқатар тапсырмалар жоспарға сай орындалмаған

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА –жамбыл  ОБЛЫСы ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұнан өзге кеңесте «ыстық нүктелерге»  рейд жүргізу жұмыстары талқыланды. Өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған елді-мекендерге талдау жүргізу қажет. Сол арқылы бағытты анықтап, жұмысты бағдарлауға жол ашылмақ.

Жангелді ОМАРОВ – ЖО ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар, басқосуда оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасап, теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы иммунитетті көтеріп, профилактикалық жұмысты күшейту шаралары сөз болды.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА – жамыл  ОБЛЫСы ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осылайша кеңес отырысында бірқатар мәселелер тыңдалып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Н.Сембеков, Ө.ЫбыраЙ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...