ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚОҒАМ ИГІЛІГІ

18:58, 17 маусым 2019

Қордай ауданында діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау мақсатында форум өтті. Іс-шара облыс жастары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны насихаттау бағытында ұйымдастырылып отыр. Форумға имамдар, дінтанушылар мен аудан тұрғындары қатысты.

Басқосуда дін өкілдері жастардың  жат ағымнан сақтану жолдарын кеңінен түсіндірді.  Сондай-ақ, жастарға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді. Форумға келген дінтанушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының шариғат заңдарымен біте қайнасқанын айта келе, осындай іс-шаралар жастардың діни сауатын арттыруда маңызы зор екендігіне тоқталды. Ал  жиынға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар