ШҰҒЫЛ! Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды Толығырақ

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына -106 жыл

19:49, 12 қаңтар 2018

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Аты аңызға айналған дара тұлғаның есімі халқының мәңгі жадында. Аса көрнекті мемлекет және  қоғам қайраткерінің туған күніне орай Тараз қаласы және Шу ауданында митинг өтті. Толығырақ тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

Елі үшін еселі еңбек етіп, артында өшпес із қалдырған Қонаевқа құрмет ешқашан толастаған емес. Жылда Тараздықтар оның туылған  күніне орай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Қалыптасқан игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Халықтың ілтипатына Қонаев кемеңгерлігімен қатар, кішпейілдігімен және ең бастысы биліктегі бірегей істерімен бөленді.  Кеңес одағы кезінде орталықпен тіл табысып, елді басқару оңай болған жоқ. Әйтсе де ол Мәскеу үстемділік жасайтын өктем үкіметтің қысастығы мен құйтырқы саясатынан жол тауып, Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оның ішінде әрине Жамбыл жері де бар.

Баттал Жаңабаев   

Димекеңнің Қазақстанға жасаған еңбегі өлшеусіз. Соның ішінде Жаңатас Қаратау қалалары химия өнеркәсібі солар Димекеңнің                      қолымен жасалды деуге болады. Димекеңді тек қазақ халқы ғана емес, күллі Қазақстандықтар ешқашан ұмытпайды, есте болады

Әулиата жерінде мемлекет және қоғам қайраткерінің атын мәңгі есте қалдыру үшін атқарылып жатқан тірліктер жетерлік. Былтыр оның туғанына 105 жыл толуына орай Тараз қаласында біршама шара өткізіліпті.   

Амангелді Кәрентаев        

Өткен жылы біз «Әулиата өңірі және Қазақстан деген кітап шығардық. Жамбыл педогогикалық университеті ректорының көмегімен 17 қарашада республикалық конференция өткіздік

Қонаевтың 106 жылдығына арналған дәл осындай митинг Шу қаласында да өтті. Аудан жұртшылығы кемеңгер тұлғаның ескерткішіне гүл қойып, естеліктер айтты.Ел басқарған елеулі тұлғаны Жамбылдықтар еш естен шығармақ емес. Оған деген құрмет жыл өткен сайын жағасын таба берері анық.

Бақытжан Советұлы, Жұмахан Төлеуұлы, Өміртай Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
19:41, 22 қаңтар 2018
Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар