ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Д.ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 107 ЖЫЛ

14:10, 14 қаңтар 2019

Осы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 107 жылуына орай, Шу ауданы Қонаев ауылында мемлекет және қоғам қайраткеріне шағын ескерткіш орнатылды. Бюсттің ашылу салтанатына жиылған көпшілік, Қонаевтың ел дамуына қосқан үлесі туралы жан жақты ой қозғап, тұлға рухына тағзым етті.   

Мұнда да Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші маңына халық көп жиналды. Нар тұлғаның рухына тағзым еткен ұрпағы ескерткішін гүл шоқтарымен көмкерді. Ол өз заманында, кеңестік дәуірде билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

Өмен БАЙШЫҒАШОВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ»

Қазақ елінің тарихында аты алтын әріптермен жазылған Дінмұхамед Ахметұлы мемлекеттің дамып, көркеюіне сүбелі үлес қосты. Бүгінде оның еңбектері халық игілігіне қызмет етіп отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қонаев ғылым саласында да орасан қызмет етті. 100 ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді.

Жұмахан ОСПАНОВ, ҚОНАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Еске алу жиынында кемеңгер тұлға жайында көптеген естеліктер айтылып, жиналғандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Осылайша, тарих беттерінде нар тұлғаның ісі мен есімі ғасыр көшімен бірге ілесе берері анық.

Қымбат Қаржауқызы, Жұмахан Төлеуұлы, «Жаңалықтар қызметі», Шу ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...