ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

17:17, 11 қыркүйек 2019

 

Жас  дзюдошылар –  Жамбылға жиналды. Тараз төрінде даңқты спорт шебері  Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған  XVI  халықаралық турнир өтті.    Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және   шет елден  спортшылар  қатысты. 

Халықаралық  додада  500   спортшы бақ  сынады.  Онда  қыздар 40 пен 70 келі салмақ  дәрежесінде  өнер көрсетсе,  46 мен 90 келі  аралығында  жасөспірімдер  өздерінің шеберліктерімен көпшіліктің көзайымына айналды.  Тартысты додаға шетелдіктер құрама команда әкелсе, Қазақстандық 17 аймақтың спортшылары – 17 команда болып қатысты. Нәтижесінде, Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік шығуы заңдылық еді. Ал, Жамбыл облысының спортшылары 2 орын иеленді.  Жалпы есепте Нұрсұлтан қаласының дзюдо шеберері  үздік үштіктен   көрінді. 

ЕРМЕКБАЙ ОРАЗАЛЫ-ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар